Көзді мигматит
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Көзді мигматит - үлкен көз сияқты далашпаттың порфиобластары немесе кварц-далашпатты линза тәрізді оқшаулары бар мигматиттің түрі. Оқшаулар тау жыныстарының тақтастығы бойынша бағдарланған. Егер көздердің айналасына жапырақ, ине тәрізді минералдар қабақ сияқты қоршай орналасса, онда мұндай мигматитті флазерлік дейді; синонимі: офтальмит.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>
Дереккөздер
<references/>