Көгентамыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Eykman1883-Scopoliae Rhizoma.jpg
КӨГЕНТАМЫР, (rhizoma)
КӨГЕНТАМЫР(rhizoma) – көп жылдық шөптесін өсімдіктердің, бұталардың жер асты ұзын немесе ұзақ қызмет атқаратын қысқа өркендері. Көгентамырлар өсімдіктерде қоректік заттардың жиналу, вегетативті органдардың пайда болуы және көбеюі үшін қажет. Ол өсімдіктердің нағыз тамырынан қабыршақты жапырақтарының, түскен жапырақтардан қалған тігісінің, бүршігінің және қосымша тамырларының болуымен ерекшеленеді. Көгентамыр жыл сайын моноподийлі (қарғакөзде) және симподийлі (қырлышөпте) өсіп, жоғарғы және қолтық бүршіктерінен өсімдіктердің жер үсті өркендерін құрайды. Ұзын Көгентамырлар өсімдіктердің вегетативті көбеюіне; ал қысқа Көгентамырлар қоректік заттардың жиналып, вегетативті органдардың пайда болуына қатысады. Көгентамыр негізінен топырақта өсіп жетіледі.

<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Көгентамыр|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}