Көгенге түсу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

"Көгенге түсіп" қайтқан жігітте қадір-қасиет қалмайды. Сәдір мына жігіттерге сол қорлықты көрсетіп жатыр" (Ғ. Мүсірепов). Барымташыларды немесе қолға түскен ұрыларды қорлаудың, ауыр жаза беріп масқаралаудың бір түрі екі қолын артына қайырып байлап, кәдімгі қойша көгендеп ұстау. Ерте кездерде бұл ел арасында жиі қолданылған. "Көгенге түскендер" қара таңба басылғандай, күлкіге ұшырап, ар-ұятынан айырылған қадірсіз адам есебінде болады. Оларға ешқашан құрмет көрсетілмейді. Өле-өлгенше "көгенге түскен" аты ұмытылмайды.


Дереккөздер

Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы.