Көгедайдың өлімі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

“Көгедайдың өлімі” – тарихи жыр. Халық ақыны, жыршы, ауыз әдебиетін жинаушы С.Нұралиннен Т.Қанағатов 1964 ж. Зайсан ауданында жазып алған. Жырдың негізгі тақырыбы – ел бірлігін сақтап, адамгершілік, парасаттылық қасиеттерді насихаттау. Шығармада Алтай, Тарбағатай аймағының (абақ керей руларының) билеушісі Көгедайдың халық алдындағы беделін көре алмаған Құлеке (Құрақ) төренің іштарлығы ел арасын бүлдіруге ұласқандағы сөз болып, оның ақыры Көгедайдың өлімімен, үлкен жанжалмен аяқталады. Оқиға соңында екі жақ өзара бітімге келеді. Жыр бақталастық, күндестік атаулының ел бірлігіне тигізген кесірін көрсетіп, елді ынтымақтастыққа шақырады. Жыр толық күйінде жеткен, 11 буынды қара өлеңмен жазылған.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Көгедайдың өлімі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}