Көбікше

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Көбікше (Үлгі:Lang-la) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Ресейдің еуропалық бөлігінде, Украинада және Қиыр Шығыста өсетін 15 түрі белгілі. Қазақстанда Батыс Тянь-Шаньда және Қаратауда кездесетін 2 түрі (дала көбікшесі, жіңішкежапырақты көбікше) бар. Бұлар тыңайтылған жерлерде, бөгендердің жағалауы мен бақтарда арамшөп ретінде өседі. Биіктігі 30 – 50 см, тамыры цилиндр тәрізді. Сабағы жіңішке, сыртын қысқа, төмен қарай иілген қылтанақтар жапқан. Жапырақтарының екі жағы да қылтанды, төменгілері жіңішке сағақты, жоғарғылары отырмалы. Тостағанша жапырақшалары өткір қандауыр тәрізді тілімденген, күлтелері ақ немесе қызыл түсті. Гүлдері қос жынысты, 6 – 7 гүлдері бірігіп, шатырша гүлшоғырын құрайды. Мамыр айында гүлдеп, маусымда жемістенеді. Жемісі домалақ, ұзындығы 3,5 – 5 мм.

<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Көбікше|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}