Көбентай Кемелұлы Сүйесінов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Кубентай Кемелұлы Сүйесінов (25 мамыр 1950, Қосшағыл ауылы, Жылыой ауданы, Гурьев облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық геолог, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, мұнай-газ кен орындарын барлау және игеру жөніндегі жетекші маман, Теңіз және Королёвское кен орындарының ашылуы мен игерілуіне зор үлес қосқан өндірістік геолог, Теңізшевройл компаниясының ұзақ жылдық бас геологтарының бірі. «Құрмет» орденінің иегері (2023).

Өмірбаяны

Сүйесінов Кубентай Кемелұлы 1950 жылғы 25 мамырда Атырау облысы Жылыой ауданының Қосшағыл елді мекенінде дүниеге келген. Руы Адай, Кіші жүз.

1972 жылы И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай институтын бітірген, инженер-геолог.

Жоғары білім алғаннан кейін 1972 жылы еңбек жолын «Кеңқияқмұнай» МГӨБ мұнай ендіру жөніндегі оператор 5-ші разряды қызметінен бастады.

1973–1975 жылдары - инженер-геолог, аға ғылыми қызметкері КазНИГРИ (Қазақстан ғылыми-зерттеу геологиялық барлау институты). Маңғыстау, Солтүстік Үстірт және Бозашы түбегінің геологиялық құрылымы мен мұнай-газдылық перспективаларын зерттеу.

1975–1979 жылдары - «Гурьевмұнайгазгеология» ӨГБ Каспий маңы МБЭ қорлар есептеу партиясының, бірлестіктің геология белімінің аға геологы, тақырыптық партиясының бастығы. Мұнай және газ қорларын есептеу жөніндегі жылдық есептерді әзірлеу, Прикаспий ойпаты, Маңғыстау және Үстірт аймақтарына қатысты геологиялық талдаулар жасау.

1979–1982 жылдары - «Гурьевмұнайгазгеология» ӨГБ геология белімінің аға геологы, тақырыптық партиясының бастығы, Прикаспий ойпаты.

  • жобалық ұңғымалардың орындарын белгілеу;
  • бұрғылау барысын бақылау;
  • каротаж жүргізу;
  • керн алу және талдау;
  • перфорация интервалдарын анықтау;
  • ұңғымаларды игеру және сынау.

1982–1988 жылдары — тақырыптық партия бастығы, ПГО «Гурьевнефтегазгеология». Геологиялық-барлау жұмыстарының жылдық талдауларын дайындау, болашақ зерттеу бағыттарын анықтау.

1982–1986 жылдары — аспирант (сырттай), Мәскеу қаласы, ВНИГНИ.

1986 жылы — кандидаттық диссертация қорғады: «Прикаспий ойпатының оңтүстік-шығысындағы тұзасты кешенінің мұнай-газдылық перспективалары». Осы кезеңде кен орындарының қорларын қорғауға қатысты: Қаражанбас, Солтүстік Бозашы, Жалғызтөбе.

1989–1993 жылдары — «Теңіз мұнайгаз» МГӨБ бас геологы, «Теңізмұнайгаз» ӨБ геология белімінің бастығы, бас геологы. Негізгі жұмыстары:

  • Теңіз және Королёвское кен орындарын барлау және игеру;
  • ұңғыма жобаларын әзірлеу, перфорация интервалдарын анықтау;
  • Теңіз ГПЗ ағынды сулары полигонын дайындау;
  • геодинамикалық полигон құру;
  • қорларды ЦКЗ мен Миннефтепром алдында қорғау;
  • Chevron техникалық делегацияларымен жұмыс, келіссөздер (АҚШ, Ұлыбритания);
  • кәсіби тағылымдамалар: Вайоминг (Carter Creek), Мексика шығанағы, Ричмонд МӨЗ.

1993–1998 жылдары — Бас геолог - менеджердің орынбасары, Геологиялық барлау бөлімі, ТОО «Теңізшевройл». Сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу, геологиялық перспективаларды бағалау, Аңсаған кен орнын ашуға қатысу.

1998–2005 жылдары — менеджердің орынбасары, Кен орнын игеру басқармасы (Reservoir Management). Теңіз және Королёвское кен орындарында бұрғылау, сынау және игеру операцияларын басқару.

2005–2010 жылдары — нормативтік құқықты қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, Өндіріс департаменті. ТШО-ның геолого-техникалық жобалары бойынша ғылыми-зерттеу институттарымен жұмыс, ұңғымаларды зерттеу бағдарламаларын жетілдіру.

2010–2013 жылдары — жетекші сарапшы, ТШО геологиялық-барлау жобалары. ТШО геологиялық-барлау учаскелерін мемлекеттік балансқа қайтару есептерінің авторы.

2013–2023 жылдары — аға маман, геодинамикалық мониторинг және игеру процестерін талдау. Теңіз және Королёвское кен орындарының мониторинг жүйесін қалпына келтіру, 20 жылдық халықаралық конференцияны ұйымдастыру.

Қосымша қызметі

1996–1999 — Бас геолог, Көкжиде кен орнын игеру, НПЦ «Мұнай».

2009–2019 — ҚР МЭ ЦКРР тәуелсіз сарапшысы.

2009–бүгінге дейін — ГКЗ РК сарапшысы.

Марапаттары

  • 2005 - ҚР жер қойнауын барлау үздігі.
  • 2010 - ҚР жер қойнауының құрметті барлаушысы.
  • 2023 - «Құрмет» ордені — Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша, ТШО-ның 30 жылдығына орай және мұнай-газ саласына қосқан еңбегі үшін<ref>https://egemen.kz/article/339298-memleket-basshysy-birqatar-azamatty-marapattady</ref>.
  • ТШО және ҚР мұнай-газ саласының ведомстволық марапаттары.

Әдебиеттер

Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер