Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref> (1868, Семей облысы, Абай ауданы – 1915, сонда) – Абай мұрасын тұңғыш бастырушы, Абайдың інісі Ысқақтың баласы. 8 жасынан бастап ауыл молдасынан 4 жылдай оқып, түрікше, арабша хат таныған.

Өмірі

Кәкітайдың ерекше зеректігін байқаған Абай 1882 жылы оны өзіне бала етіп алып, Мағауиямен бірге тәрбиелеген. Семейге ертіп барып, білім алуына көмектескен. Абайдың ақыл-кеңесімен Тұрағұл екеуі қарасөз, аударма, көңіл күй тақырыбындағы қысқа өлеңдер жазады. “Абай ағамның қатарында жүрген 24 жыл ішінде оның үйретпеген білімі болмады, бірақ бәрін түгел ұғып ала алмадым. Сондықтан мен Абай ағама зор қарыздармын, ендігі мақсатым – шамам келгенше оның асыл қазынасын кейінгі жастарға жеткізіп беру”, деп, К. өзіне уәде берген. 1904 жылы Абайдың сүйікті ұлы Мағауия, іле-шала ұлы ақынның өзі, одан кейін үлкен баласы Ақылбай қайтыс болып, Құнанбай әулеті үлкен қайғыға душар болғанда барлық ауыртпалықты бірге көтеріседі. Жидебайда бала оқытып жүрген молда Мүрсейіт Бікеұлына ақы беріп, бұрыннан жинап жүрген Абай шығармаларын көшіртіп жазғызады. Абайдың баласы Тұрағұлмен бірге ақын мұрасын жинастырып, баспаға әзірлейді. Әлихан Бөкейханов Абайдың тұңғыш өмірбаянын жазып, онда ақын өміріне қатысты барлық деректерді К. бергенін атап өткен. 1905 жылы Әлиханның кеңесімен Абай шығармаларын баспаға әзірлеуге кіріскен Кәкітай сол жылы жазда Семейге, одан Омбыға барып бастыра алмаған соң, кейін Қазан қ-на келеді. Осы қалада Санкт-Петербург баспаханасының өкілімен келісімшарт жасасып, болашақ кітаптың корректорлығын өз мойнына алып, ақысын алдын-ала төлейді. 1909 жылыАбайдың тұңғыш жинағы – “Қазақ ақыны Ибраhим Құнанбайұғылының өлеңі” (бастырған: Кәкітай, Турағұл Құнанбайұғыландары”) деген тақырыппен Санкт-Петербургте жарық көріп, барлық данасы Семейге Кәкітай атына жіберіледі де, сол жерден бүкіл қазақ даласына тарайды. Кәкітайдың осы жинақта жариялаған Абай туралы өмірбаяндық мақаласын М.Әуезов жоғары бағалаған.

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}