Кәкім Шаяхметұлы Дүйсенбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Кәкім Шаяхметұлы Дүйсенбаев (28 ақпан 1939 жылы туған, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ.Мүсірепов атындағы аудан, Сазоновка ауылы) – экономика ғылымының докторы (2000), профессор (2002).

ҚазМУ-ды (1961, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Алматы халық шаруашылығы институтында декан (1983–87), кафедра меңгерушісі (1989–93), доцент (1993–2000), 2001 жылдан Қазақ экономикалық университетінде профессор қызметін атқарады. «Қаржы басқару саласындағы аудит пен талдау: теориясы және әдіснамасы» деген тақырыпта докторылық диссертация қорғаған. Дүйсенбаев 118 ғылыми еңбектің, оның ішінде 8 монографияның авторы.<ref name=source1>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Үлгі:Суретсіз мақала

Дереккөздер</span>

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub