Кәкімбек Салықов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Cleanup

Кәкімбек Салықов (22.01.1932, Еңбек ауылы, Шал ақын ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы - 27.11.2013) - мемлекет және қоғам қайраткері, ақын. 1947 жылы Көкшетау қаласындағы N21 мектепте орташа білім алып, 1950 жылы Сырымбет тауы бөктерінде Казгородок қазақ орта мектебін бітірді. 1955 жылы Мәскеудің түсті металлургия және алтын институтын бітіргеннен кейін Жезқазған кенішінде кен мастері, участке бастығы, К.И.Сәтбаев атындағы кен-металлургия комбинаты парткомының хатшысы, Қазақстан КП қалалық комитетінің бірінші хатшысы, Жезқазған комитетінің екінші хатшысы қызметін атқарды. 1975 жылдан КОКП Орталық Комитетінің аппаратында инспек-тор болып қызмет істейді. 1984 жылы Өзбекстан КПОК-нің бюро мүшесі, Қарақалпақ облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, одан кейін Кеңестер Одағы Жоғарғы кеңесінің экология комитетінің төрағасы, Жоғарғы кеңестің Президиум мүшесі қызметтерін атқарды.

Алғашқы өлеңдер жинағы «Сыр» 1977 жылы жарық көрді. Сол жылы «Жезкиік» атты жыр жинағы орыс тіліне аударылып жарияланды. 1981 жылы «Қырғызстан» баспасы оның «Нұрлы күндер» кітабын қырғыз тілінде, 1983 жылы Ғафур Ғүлам баспасы «Жезкиік» жинағын өзбек тілінде шығарды. «Букетовке реквием», «Эдельвейс», «Ғасырға тең бір мезет», «Че Гевара» атты поэмалары орыс тіліне аударылды.

К.Салықов — «Дала», «Қыран-дар», «Гәкку», «Жезкиік», «Еңлікғүл», «Тәттімбет», «Домбыра», «Қарақалпақ», «Кенесарының соңғы сөзі» секілді көптеген поэмалардың авторы. Ақын жемісті еңбегін бүгінгі күнге дейін талмай жалғастырып келеді. Соңғы жылдары оның «Ойтолғақ» (2001), «Сырғалы сонеттер» (2001), «Күзгі шуақ» (2004), «Күзгі сарын» (2005), «Сенсің ел данасы» (2006), «Әлемнің сегізінші ғаламаты» (2006), «Мағжанға тағзым» (2008) кітаптары жарық көрді. В.В.Маяковскийдің «В.И.Ленин» поэмасын, А.С.Пушкиннің өлеңмен жазылған «Евгений Онегин» романын, М.Ю.Лермонтовтың, Ю. П. Полонскийдің, Р. Ғамзатовтың, Алдан-Семеновтың, С.Норовчатов-тың, В.Савельевтің, Я.Коластың, М.Львовтың, моңғол және өзбек ақындарының өлеңдерін қазақ тілі-не аударды. Б.Жүманиязов, Н.Тілендиев, Ә.Бейсеуов, Е.Хасанғалиев сияқты композиторлар ақынның көптеген өлеңдеріне ән шығарды. «Жезкиік», «Сағыныш», «Аққу әні», «Үш арыс», «Бір аувіз сөз», «Оқжетпес», «Көкшетау», «Жамбыл ата» сынды туындылары халық әніне айналып кетті.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне үш мәрте (IX, X, XI) депутат болып сайланған. КСРО Жоғарғы Кеңе-сінің депутаты. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері (2001), Халықаралық Қ.Сәтбаев қорының президенті, Қазақстан Республикасы «Экология» академиясының академигі.

Ленин орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Парасат» және Халықтар Достығы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

Шығармалары

  • Сыр. А., «Жазушы», 1970;
  • Жезкиік. А., «Жазушы», 1973;
  • Нұрлы күндер. А., «Жазушы», 1976;
  • Добрые дни. А., «Советский писатель», 1981;
  • Медная лань. (Орыс тілінде). А., «Жазушы», 1977;
  • Жұлдызды жылдар тын ысы. А., «Жазушы», 1978;
  • Мәңгі шырақ. А., «Жазушы», 1979;
  • Қүтманды күндер. (Қырғыз тілінде). Бішкек. «Қырғызстан», 1981;
  • Парасат сыры. А., «Жалын», 1980;
  • Шын жүректен. А., «Жазушы», 1981;
  • Жезкиік. Ташкент. (Өзбек тілінде). «Ғафур Гүл ам», 1984;
  • Реквием. А., «Жібек жолы», 1995;
  • Аққу жеткен. А., «Қайнар», 1995;
  • Көкжиекке тартқан көш. А., «Жазушы», 1997;
  • Тәттімбет. А., «Дәуір», 2002;
  • Тәттімбет. Астана. «Фолиант», 2005;
  • Қаныш жұлдыз жарқылы. А., «Баспагер», 1999;
  • Түркістанға тағзым. Түркістан. «Түркістан университет'!», 2000;
  • Сәбит аға. А., «Жібекжолы», 2000;
  • Ойтолғақ. А., «Жібек жолы», 2001;
  • Сырғалы сонеттер. А., «Жалын», 2001;
  • Под звуки домбры. Москва. «Художественная литература», 2001;
  • Ұстазымның баласы. А., «Жібек жолы», 2001;
  • Жанымның жақсы көрген адамдары. А., «АЭСИ», 2004;
  • Бәйкен аға. А., «Үш қиян», 2002;
  • Бәй кен жолы. Астана. «Фолиант», 2007;
  • Отырар сазы. А., «Өнер», 2002;
  • Отырар сазы. Астана. «Фолиант», 2005;
  • Аққу жеткен. (әндері ноталарымен) А., «Үш қиян», 2002;
  • Таңдамалы. А., «Өлке», 2002;
  • Тарихтың тарланбозы. А., «Гауһар», 2003;
  • Тарих-тың тарланбозы. Астана. «Фолиант», 2005;
  • Нар жігіт. А., «Үш қиян», 2003;
  • Күзгі шуақ. Астана. «Фолиант», 2004;
  • Қатар жүрген күндерді сыйлайықшы. А., «Үш қиян», 2004;
  • Ақын Тайжан. А., «Үш қиян», 2004;
  • Ақсүңқар қанатында. А., «Үш қиян», 2004;
  • Күзгі сарын. Астана. «Ел орда», 2005;
  • Жез ки ік (таңдамалы). А., «Үш қиян», 2003;
  • Бақыт жұлдызы. Астана. «Фолиант», 2005;
  • Жезкиік (әндер). Астана. «Фолиант». 2007;
  • Сенсің ел данасы. Астана. «Фолиант», 2006;
  • Әлемнің сегізінші ғаламаты. Астана. «Фолиант», 2007;
  • Мәңгі шырақ алауы (таңдамалы). А., «Жазушы», 2007;
  • Көңіл назы. Өлеңдер жинағы. А., «Жазушы», 2008;
  • Мағжанға тағзым. Өлеңдер мен поэма. Астана. «Фолиант», 2008;

Аудармалары

  • Даладағы алау. (В.Савельев). А., «Жалын», 1981;
  • Вла-димир Ильич Ленин. (В.Маяковский). А., «Жалын», 1988;
  • Жайлау жыры. Гэн-дэнгийнДавааджиден. А., «Қазақпарат», 2001;
  • А.С.Пушкин. Қанатты сөздері мен нақылдары. Астана. «Фолиант», 2006;
  • А.С. Пушкин. Евгений Онегин. Астана. «Фолиант», 2006;<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық – Алматы: “Ан Арыс” баспасы, 2009 жыл – 480 бет. ISBN 978-601-7130-43-5</ref>

Дереккөздер

<references/>Үлгі:Bio-stub