Кәкей Жаңжұңұлы
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Кәкей Жаңжұңұлы (1947, Моңғолия, Баян-Өлгeй аймағы, Бұлғын ауданы — 1993, Завхан) — Моңғолия қазақтары арасынан шыққан ақын.
1971 жылы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. 1982–1993 жылы Моңғолиядағы қазақ әдебиетінің бөлімшесін басқарды, әдеби «Шұғыла» журналының бас редакторы болды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
Моңғолиядағы қазақ орта мектептеріне арнап әдебиет оқулығын дайындады, айтыс өнерінің қанат жаюына, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинауға үлес қосты. Моңғолия Жазушылар одағы сыйлы лауреаты (1986).
Шығармалары
- “Жауқазын” (1972);
- “Маусым” (1981);
- “Жебе” (1986);
- “Қош бол, көктем!” (1991);
- "Мен Қазақпын".
- Алтай қазақтарының арасынан шыққан ағартушы ақын Ахыт Үлімжіұлы шығармалар жинағын құрастырды (1991, 1994, Қ. Қалиасқарұлымен бірге).
Дереккөздер
<references/>