Кәдімгі шетен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Кәдімгі шетен (Үлгі:Lang-la) - раушангүлділер тұқымдасы, шетен туысына жататын, сұрғылт қабығы бар ағаш тектес өсімдік.

Ботаникалық сипаты

Сурет:Rowan tree 20081002b.jpg
Жемісі піскен кезі
  • Биіктігі 10 м-ге жуық.
  • Жапырақтары кезектесіп жарыса орналасқан, қауырсын тәрізді, сағақтары өте қысқа, ұштары сүйір, шеттері ара тісті. Жас жапырақтарының екі жағында да түктері бар.
  • Гүлдері ақ, майда, хош иісті, алманың гүлдеріне ұқсайды, бірақ бұтақтарының ұштарында шоғырланып тұрады. Гүл тостағаншасының қалақшалары да, гүл жапырақшалары да бес-бестен. Мамыр-маусым айларында гүлдейді, жемісі тамыз-қыркүйек айларында піседі.
  • Жемісі - шар тәрізді, етті, қызыл түсті жидек. Ішінде 3 тұқымы бар. Дәмі қышқыл әрі ащылау.

Өсетін жері

Ормандардың шеттерінде, бұталардың арасында, өзендер мен көлдердің жағаларында өседі.

Құрамы

Құрамында органикалық қышқылдар, илік заттар, С және Р дәрумені, каротин, ащы заттар, эфир майлары, майлар, амигдалин деген глюкозид бар. Өсімдіктің жемісі ағзада дәрумен жетіспеген жағдайда пайдаланылады.

Емдік қасиеті

Халық медицинасында кәдімгі шетеннің жемісін несеп айдайтын, қан тоқтататын, тамаққа тәбетті қоздыратын, іш жүргізетін, етеккірдің келуін реттейтін дәрі ретінде қолданады. Бұл өсімдікпен геморройды, құрқұлақты, дизентерияны емдейді. Кейбір ғалымдар жемісін атеросклероз, гипертония ауруларын және бүйрекке тас байланғанда емдеу үшін пайдаланады. Дәрілік мақсат үшін оның жемісін күзде жинап алады.

Дәрі дайындау және қолдану тәсілі

Өсімдік жемістерінің 15 грамын қайнап тұрған 1 стақан суға салып 20 минут тұндырады да, 1 ас қасықтан күніне 3-4 рет ішеді.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер