Кәдімгі шаған

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Кәдімгі шаған (Үлгі:Lang-la) – зәйтүндер тұқымдасы, шаған туысына жататын ағаш тектес өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 30 метрге дейін жетеді.
  • Қабығы қоңыр сұр түсті.
  • Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, сопақша, ұштары сүйір келген.
  • Гүлдері қызыл, сыпырғы тәрізді шоғырланып тұрады. Гүл тостағаншасы мен гүл тәжі болмайды.
  • Жемісі - бір тұқымды, қанатты жаңғақша. Сәуір айында гүлдейді.

Өсетін жері

Жалпақ жапырақты және аралас ормандарда өседі. Кейде мәдени өсімдік ретінде қолдан да егіледі.

Құрамы

Құрамында кверцитрин, маннит, таннин, инозит, эфир майлары бар.

Емдік қасиеті

Жапырақтарынан жасалған дәрілерді халық медицинасында ревматизм, бауыр ауруын емдеу үшін пайдаланады. Жалпы бұл өсімдіктің ішек құрттарын түсіретін, іш жүргізетін, дененің қызуын төмендететін, несеп айдайтын қасиеттері бар. Бүйрекке тас байланғанда, сары ауруға байланысты дене сарғайғанда да осы өсімдікпен емдейді. Тыныс жолдары қабынғанда да қақырық түсіретін, жөтел басатын дәрі ретінде қолданылады. Ағаштың жас қабығын, жапырағын дене сыртындағы жараларға таңып қояды, бұл жараның жазылуын тездетеді. Дәрі жасау үшін өсімдіктің жапырағын, қабығын пайдаланады.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі

Өсімдік қабығының немесе жапырағының ұнтақталған 20 грамын 1 стақан суға салып 30 минут қайнатып, 1 ас қасықтан күніне 3 мезгіл ішеді.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер