Кәбір Ғабдуллин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кәбір Ғабдуллин - 1943 жылы Қытай Халық Республикасының Шағантоғай елді мекенінде туған. Семей педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін тамамдаған.

Еңбек жолын мүғалімдіктен бастаған ол, әр жылдары кеңес атқару комитетінің төрағасы, шаруашылық кәсіподағының төрағасы, аудандық партия комитетінің нүсқаушысы болып жұмыс істеген. Кейіннен облыстық «Семей таңы» газетіне арнаулы тілші-лікке ауысып, республикалық «Ара» журналында, араб әліппесімен шетелдік қандастарымызға арналып шығарылған «Біздің Отан», «Шалқар» газеттерінде қызмет еткен.

Шығармашылығы

Ақынның әркез жазған өлең-жырлары мерзімді баспасөз бет-терінде жарияланып тұрады. «Көңіл әуендері» атты ұжымдық жинаққа бір топ өлеңдері, «Күміс күйме» ұжымдық жинағына поэмасы енгізілген. «Алтын мүйіз ақ құлжа» атты жинағы жеке кітап болып 2004 жылы «Фолиант» баспасынан жарық көрген. 2007 жылы «Үш қиян» баспасынан «Құдірет» атты жыр жинағы шыққан.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}