Күпі (сөз)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Күпі. Матамен тысталған тері тон не жабағы киімді қазақтар осылай атаған. «Айтжан үстіндегі тер сіңген ескілеу түйе жүнді ауыр қара күпісін шешіп, желпінді» (Сәкен Сейфуллин, Шығ.). Іздене қарағанда «күпі» сөзінің алғашқы мағынасы басқаша болғандығын анықтайтын тіл деректеріне кез боламыз. Хакас тілінде «күп», якут тілінде «көп» тұлғалас сөздер «жұмсақ», «үлпілдеген» немесе «түкті, жүндес» мағыналарында қолданылады (Хак.-рус. сл., 1953, 97; Як.-рус. сл., 1972, 180). Осыларды еске алсақ, алғаш түкті, жүндес мағынасында қолданылған «күп» не «көп» сөзі, кейін сондай заттардан жасалған киімге атау есебінде ауысқан. Айырмашылық — тек -і жұрнағының қосылып, қазақ тілінде «күпі» тұлғасына дейін жетуі ғана.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}