Күмәнді қоңыраусары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Күмәнді қоңыраусары (Үлгі:Lang-la)<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> - асқабақтар тұқымдасы, қоңыраусары туысына жататын көп жылдық өсімдік.

Ботаникалық сипаты

Сурет:Күмәнде қоңыраусарының жемісі.jpg
Күмәнді қоңыраусарының жемісі
  • Биіктігі 0,5-1,5(3) м.
  • Сабағы түкті, аздап бұтақталған.
  • Жапырақтары жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 5-13 см, ені 4-9 см, ұшына қарай сүйір, түбінде терең ойығы бар, жиегі аздап тісті, екі жағын ұсақ түк басқан. Жапырақ жүйкесінің бойы мен сағағын қатты қылтанақ және қысқа түк басқан.
  • Гүлсидамының ұзындығы 12 см, аталық гүлдерінің гүл сағағы жіңішке, ұзын әрі жұмсақ түкті, ұзындығы 1-3 см. Аналық гүлдерінің сағағы жуандау.
  • Қандауыр тәрізді тостаған жапырақшаларының ұзындығы 12-13 мм, сыртына қарай қайырылған. Күлтесі сары түсті, ұзынша жұмыртқа тәрізді, диаметрі 2,5-3 см, сүйір немесе сүйірлеу. Аналық мойны жалаң, бүйрек тәрізді аналық аузы болады.
  • Жемісі сопақ жұмыртқа тәрізді, жасыл немесе қызыл түсті, томпақ келген және қысқа түкті, ұзындығы 4-5 мм, ені 2,5-3 мм.

Көбейуі

Маусым-қыркүйек айларында гүлдеп, тамыз-қазан айларында жемістенеді. Тұқымы және тамыр түйнегі арқылы көбейеді.

Өсу ареалы

Дереккөздер

<references/>