Күлбаршын Бүркітқызы Базарбекова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Күлбаршын Бүркітқызы Базарбекова - 1958 жылы 1 қаңтарда Көкшетау қаласында туған. 1983 жылы Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ-ды бітірген, экономист.

  • 1985-90 жылдары - Алматы қаласы Калинин ауданы қаржы бөлімінің экономисі.
  • 1990-97 жылдары - Алматы қаласы Бостандық ауданы Салық комитетінің бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы.
  • 1998 жылы «АФН» ЖШС директоры.
  • 1998-2002 жылдары «Дара-Аудит» ЖШС директоры.

Жұмыстағы негізгі ұстанымы: «Алдына мақсаттар қою».

Іскер адамның бойындағы құнды қасиеттер: «Өзін ұстай білушілік, батылдық, жақсы кеңестерге құлақ аса білу, жоспарлай білу».

Қазақстан қаржы аясына талдау: «Қаржы саласы үш өзара байланысты салалардан: қаржы нарықтары мен институттарынан, инвестициялардан және қаржыны басқарудан тұрады. Бүгінгі таңда бизнеспен айналысып жүргендердің бәрі қаржы ісінің негіздерін зерттеп, түсінуі керек. Өкінішке қарай, Қазақстанда бұл мәселе әзірге тиісті деңгейде емес».<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>

Балалар үйлеріне, мүгедектер қорына және басқа қоғамдық ұйымдарға қайырымдылық көмек көрсетеді.

Әскери атағы

Әскери атағы - запастағы азамат қорғанысы сержанты.

Діни көзқарасы

Діни көзқарасы - «Құдайға сенемін».

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - «Идеалдар жоқ».

Қазақстанның болашағы туралы болжамы

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанның өркендеуі мен жарқын болашағына сенім».

Хоббиі

Хоббиі - өздігінен даму, жеке бастың өсуі, психология жөніндегі кітаптарды оқу, табиғатқа шығу.

Сүйіп оқитын әдебиеті

Сүйіп оқитын әдебиеті - В. Синельниковтың, X. Сильваның ездігінен даму жөніндегі кітаптары, Нил Доналд Уолш «Құдаймен сұхбат».

Үй жағдайы

Тұрмыс құрған. Жұбайы - Коңырбаев Наурызбай Әнсенұлы (1960 жылы туған), «Нақ-Пайда» ЖШС директоры. Ұлы - Наурызбайұлы Еламан (1986 жылы туған); қызы - Коңырбаева Әсия Наурызбайқызы (1988 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}