Күйкентай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Күйкентайды қазақтар сұңқар тектестерге жатқызады. Бүгінгі таңда қазақ жерінде оның екі түрі кездеседі: дала күйкентайы-ҒаІсо паитаппі Fieisch-Степная пустельга-Lesser Kestrel және кәдімгі күйкентай-ҒаІсо tinnunculus L.-Обыкновенная пустельга-Kestrel. Шөлден басқа өңірдің барлығында кездеседі. Тұрқы 29-33 см, қанатының ұзындығы 23-28 см, аталығының салмағы 160-200 гр, ұябасары 190-280 грамға жетеді. Өңі қоңыр, сарғылт теңбілді келеді. Ұясын жар тас, ағаш басына салады. Көкек айының соңында бурыл, сарғылт дақты 2-6 дана жұмыртқа салып, бір ай шайқап, бір ай жемдейді. Ауада қалықтап жүріп жемін іледі. Тек денесінің өте қораштығынан құсбегілікке жарата бермейді. Ол торғай біткеннің қас жауы. Сондықтан да қазақтар панасыз, әлсіз жағдайдағы жандарды «күйкентайдан қашқан торғайға» теңейді. Егіс алаңын торғай басып кетсе, күйкентайды пайдаланады.<ref>Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков. ISBN 9965-24-813-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}