Күзембай Қосылған

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Күзембай Қосылған (9.5.1938 жылы туған, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы) – химия ғылымдарының докторы (1984), профессор (1987).

ҚазМУ-дың (1963, қазіргі ҚазҰУ) химия факультетін және аспирантурасын (1967) бітірген. Жамбылдың жеңіл және тамақ өнеркәсібі технология институтының Алматы бөлімшесінде аға оқытушы (1967–69), Қазақстан ғылым академиясының Органикалық катализ және электрхимия институтында аға ғылым қызметкер, лаборатория меңгерушісі (1969–91), 1991 жылдан Арқалық педагогика институтының ректоры қызметін атқарады. Күзембай – газфазалық гидрогендеу реакциясы кезінде катализаторлық жанасуды сыртқы жағынан сәулелендіру арқылы жылдамдатуға болатынын тапты және оның аппаратуралық негізін жасады. Күзембай 175-тен астам ғылым мақала мен 2 өнертабыстың авторы.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Күзембай Қосылған|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}