Күдеріқожа Көшекұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Күдеріқожа Көшекұлы (1820, қазіргі Сырдария ауданы Шіркейлі ауылы – 1858, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы) – ақын.


Ақындық, әншілігімен жастайынан аты шыққан. Күдеріқожаның өзі өмір сүрген тұстағы атамекеннен ауа көшкен ел мұңын жырлап айтқан «Қарқаралы, қазылық», қалмақтардың шапқыншылығына арналған «Абылай ханның қалмақты аударғанына айтқаны» деген өлең, толғаулары бар. Күдеріқожа айтысқа да қатысқан. Оның Ұлбикемен айтысы (1840 жыл шамамен) қыз бен жігіт айтысының жұмбақ аралас келетін көне түріне жатады, халықтың дүниетанымын, философия ой-түсініктерін білдіреді. Күдеріқожаның бұл айтысын В.В.Радлов жазып алып, «Түркі тайпалары ауыз әдебиетінің үлгілері» кітабына (1870) енгізген. Ақынның «Қарқаралы, қазылық» атты толғауын М.Әуезов пен С.Сейфуллин жоғары бағалап, өздері құрастырған хрестоматияларға кіргізген. Күдеріқожаның осы толғауы және Ұлбикемен айтысы «Бес ғасыр жырлайды»атты жинақта жарияланды (1985).<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Күдеріқожа Көшекұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}