Кіші асар қалашығы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Кіші асар қалашығы (б.д. VІ-ІХ) – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.

Орналасқан жері

Сырдария ауданы, Шаған ауылынан солтүстік-батысқа қарай 5,3 км жерде орналасқан.

Сипаты

Ескерткішті 2006 жылы ҚР ҰҒА АИ ШРАЭ (Ж. Құрманқұлов) ашып, зерттеген.
Қалашық жоспарында дөңгелек пішінді. Ең биік солтүстік-шығыс бөлігі (3 м-ге жуық) диаметрі 30 м дөңгелек төбе түрінде болып келген. Төбенің жалпы диаметрі 85-90 м, кіреберіс қақпасы шығыс жағында орналасқан. Қалашықты қоршап жатқан ордың ені 20-25 м, тереңдігі 0,5 м. Екінші қақпасы оңтүстік жағында болуы мүмкін. Қалашықтың үстінде қыш ыдыс сынықтары сирек кездеседі.
Ескерткіш Шығыс асар қалашықтарының тобына жатады.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер