Кюфта бозбашы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кюфта бозбашы (азербайжан тағамы). Қой етінің сүйегінен сорпа қайнатады. Сұрпы ет пен пиязды ет тартқыштан өткізеді де, дайын фаршқа бұрыш, тұз, жуып тазартылған күріш қосып араластырып, шағындау етіп домалақтар (фрикаделька) жасайды. Сүзілген дайын сорпаға алдын-ала суға жібітілген бұршақ салып, шалалау піскенше қайнатыл, үстіне фрикаделька, картоп, ұсақтал туралған пияз қосады. Пісуге 15 минут қалғанда, туралған құйрық май, бұрыш, тұз салып, зағыпыран (шафран) тұнбасын құйын, дайын болғанша пісіреді. Дастарқанға қоярда бетіне кептірілген жалбыз себеді. 500 г қой етіне: 1 стакан күріш, 1 бас пияз, 100 г бұршақ, 500 г картоп, 0,2 г мөлшеріне зағыпыран, ал жалбыз бен ұнтақталған қызыл бұрыш, тұз — татымына қарай.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кюфта бозбашы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}