Кутнякова Анна Паловна

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кутнякова Анна Паловна' — байырғы баспагер. А. П. Кутнякова 1941 жылы Ресей жеріндегі қорған облысы, Лебяжі ауданы, Щетниково селосында туған. Барнаул қаласындағы Алтай статистика техникумын бітірген (1962). Еңбек жолы 1958 жылдан басталды <ref>"Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық", Алматы,"Білім" баспасы, 2005 жыл - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>

Ол 1965 жылы Қазақ КСР Баспасөзкомитетіне экономист болып орналасады. Aл 1969 жылы "Қайнар" баспасының жоспарлау бөлімінің меңгерушісі, 1987 жылы — директордың қаржы-қаражат және өндіріс саласындағы орынбасарлығына тағайындалады. 1999 жылы зейнеткерлік демалысқа шықкан.

А.П.Кутнякова баспада қызмет атқарған ұзақ жылдарда өзін еңбекқор, бастамашыл, экономика мәселелеріне жетік маман ретінде көрсете білді. Оның қатысуымен "Қайнарда" шаруашылық есеп жұмыстары жақсарып, қаржы-қаражатпен өзін-өзі қамтамасыз ету қолға алынды, еңбек ету, басқару жүйелеріне ұнамды өзгерістер енгізілді.

Ол баспа саласындағы жемісті жұмыстары үшін кезінде "Баспасөз үздігі" белгісімен (1985), "Еңбек ардагері" медалімен (1986), өзге де мақтау грамоталарымен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}