Куртаж

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Куртаж (франц. courtage — комиссия) — биржа мәмілесін жасасу кезіндегі делдалдығы үшін тауарларды немесе бағалы қағаздарды сатудан делдал алатын сыйақы. Жасасылған мәміле сомасының мыңнан бір үлесі есептеледі, сатушы да, сатып алушы да төлейді. Куртаж мөлшерлемесі бағалы қағаздар санатына байланысты, ал мөлшері биржалардың жарғыларымен айқындалады.<ref>Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым ми- нистрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2</ref>

Биржада мәміле жасау кезінде брокердің делдалдық үшін ақы төлеуі. Куртаж ставкасы құнды қағаздар мен тауарлардың түрлеріне, сондай-ақ мәміленің көлеміне тәуелді болады. Ақы төлеу мөлшері биржа жарғысы немесе биржалық мәмілеге қатысушы мен маклер арасындағы келісім бойынша анықталады.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Economy-stub