Кристалл құрылымдарының типтері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кристалл құрылымдарының типтері — әрқайсысы өзіне ғана тән химиялық байланыс күшімен сипатталатын кристалдық құрылым түрлері; төрт топқа бөлінеді:

1) металл кристалдары біркелкі атомдардан тұрады, Бұлардың химиялық байланыс күші сол атомдар аралығында еркін қозғалатын электрондар есебінен туындайды;

2) атомдық (гомополюстік) кристалдар да біркелкі атомдардан тұрады, алайда олардың бір-бірімен байланысы көршілес атомдарға ортақ электрондар есебінен жүзеге асады (ковалентті байланыстағы минералдар — алмас, графит және т.б.);

3) иондық (гетерополюстік) кристалдар оң және теріс зарядталған иондардан не катиондар мен аниоңдардан тұрады (ас тұзы және т.б.);

4) молекулалық кристалдар құрылымы сол молекулаларға сәйкес келетін бөлшектердің арнаулы топтары болуымен сипатталады; жекелеген молекулалар арасындағы байланыс күші оларға тон электр зарядының түрлі дәрежеде болуынан туындайды.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geology-stub