Кристалдық энергия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әрбір ионның өзіне тән энергиясы болады. Иондар бір-біріне жанасып қосылғанда иондық энергияның бір бөлімі босанып шығады. Демек, кристалл құралу экзотермалық процесс болып табылады. Кристалды қайтадан ерітіп сұйық қалпына келтіретін болсақ, оған сол кристалл пайда болуда босанып шыққан энергия мөлшеріндей қуат жұмсаған болар еді. Мұны қуат сіңіретін эндотермалық процесс дейді. Сол кристалды еріту үшін жұмсалатын потенциалық энергияны (35) өрнек бойынша есептеп шығаруға болады. Кристалдың энергиясы бір моль затқа шыққан жылудың килокалориясымен есептеледі. Моль деген — граммолекула, яғни заттың молекулалық грамм саны. Килокалория дегеніміз — 1 кг (литр) суды 1 градусқа жылытуға кететін жылу. Осы өлшемдердің негізінде М. Борн, М. Гольдшмид, A. Е. Ферсман, А. Ф. Капустинский т. б. (35) өрнектің (k) коэффициентін есептеп тапқан. A. Е. Ферсман мынадай формула қолданған: <math>U=293\frac{a*w_1*w_2}{r_1 + r_2} </math>

Мұндағы а әрпі Маделунг коэффициенті деп аталады. а кристалдың структурасына қарай, басқаша айтқанда иондардың құрылыстық орналасуына қарай өзгеретін шама. Жабайы куб формалас ас тұзының кұрылысын алатын болсақ, оның Маделунг коэффициенті a =1,7475. Осы санды өлшем (стандарт) ретінде алсақ , (35) өрнектің коэффициенті мынаған тең fe = 293X 1,7475 = 512,1. Ac тұзық ұрылысындағы ион саны екеу (натрий, хлор). k санның әрбір ионға тиесі үлесі мынау: 512,1 : 2 = 256,1. <ref> Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69</ref>  

Дереккөздер

<references/>     {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}