Кристалдық тор спектрі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кристалдық тор спектрі

Кристалдық тор спектрі – кристалдық тор түйіндеріндегі атомдардың әлсіз тербелісі нәтижесінде байқалатын тербелістер жиынтығы. Тепе-теңдік қалыптағы әрбір атом, өзін қоршаған басқа атомдармен әсерлесе отырып, кристалдық тор түйініне орналасады. Қатты денелер теориясында кристалдық тор тербелісінің ерекшеліктерін түсіну үшін , жалпы типтік қасиеті бар қарапайым модель қарастырылады. Тордың бұл моделі бір-бірінен бірдей қашықтықта алмаса орналасқан, массасы әр түрлі атомдардың бір өлшемді сызықтық тізбегі болып есептеледі. Бұл жағдайда әрбір элементар ұяшыққа әр түрлі екі атом болады. Осындай шексіз тізбектің қозғалыс теңдеуін шешу нәтижесінде тербеліс спектрі- акустикалық және оптикалық тербеліс болып екі тармаққа бөлінеді.

Акустикалық тербеліс

Акустикалық тербеліс кезінде екі атомды сызытық тізбектің негізгі жиіліктен және белгілі бір жиілікпен шектелгент бір қатар гармоникалардан (қосымша жиіліктерден) тұратын спектрі болады. Тербелістің акустикалық тармағы қатты денлерде таралатын жылулық әрі дыбыстық тербелістерде байқалады.

Оптикалық тербеліс

Оптикалық тербеліс кезінде екі атомдық тізбекті қарама-қарсы фазалы екі тербеліске (тізбекке) жіктеуге болады. Тербелістің оптикалық тармағы электромагниттік сәуле арқылы ғана қоздырылады. Элементар ұяшығында N атомы бар үш өлшемді тордағы барлық тербелістер 3 N тармаққа бөлінеді. Олар 3 акустикалық және 3(N- 1) оптикалық тербелістен тұрады. Кванттық теорияда атомдардың өз орнынан ығысуы нәтижесінде пайда болатын толқындардың орнына дыбыс кванттары немесе фонондар тәпрізді квазибөлшектер ұғымы енгізіледі. <ref> Қазақ совет энцеклопедиясы. </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер