Криз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Криз(франц. crіse – ұстама, сынық) – аурудың кенеттен асқынуы. Аурудың түріне қарай криздің бірнеше түрі болады: церебралды криз– ми қызметінің зақымдануы; гипертоникалық криз – гипертония ауруының асқынуы (әсіресе, артериялық қан қысымының шамадан тыс көтеріліп кетуі); тиреотоксикалық Криз – қалқанша без секрециясының ыдырауынан тиреотоксиннің (жемсау уы) жалпы организмге тигізген әсерінен адамда психик. өзгерістердің ('сандырақтау, галлюцинация) пайда болуы; катехоламиналды Криз – артериялық қан қысымының кенеттен көтерілуі және организмде метаболизм процесінің бұзылуы; гиперкальциемиялы Криз – қанда кальцийдің артуынан (оның мөлш. 14 – 17 мг % жетеді) организмнің улануы; гипокальциемиялы Криз– керісінше, қанда кальций мөлшерінің күрт төмендеуінен адамға ауа жетпей, бұлшық еті тартылып, сіресіп қалуы; аддисонды Криз – симпатик. жүйке жүйесінің, бүйрек безінің зақымдануынан терінің қарайып, асқазан жұмысының нашарлауы; эритремиялды Криз – қанның қызыл түйіршіктерінің көбеюінен тері мен оның шырышты қабықтарын көгертетін қан ауруы. Кризді емдеу үшін алдымен оған қандай аурудың себеп болғанын анықтау керек.<ref name="source1">"Қазақ энциклопедиясы"</ref>.

Дереккөздер </span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Криз|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}