Краков университеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Kampus UJ IGiGP.JPG
Краков Университеті

Ягеллон университеті

Краков Университеті, Ягеллон университеті – Польшаның ежелгі университеттерінің бірі. 1364 жылы Ұлы Казимир негізін қалаған, 1400 жылы Владислав Ягайло (аты осыдан туған) Париж университетінің үлгісімен қайта құрған. Краков Университетінің оқу және ғылыми өмірінің гүлдену шағы – 15 ғасырдың соңы мен 16 ғасырдың бас кезі. Университеттің теология, заң, медицина, еркін ғылымдар факуьтеттері болды. Бұл кезеңдерде Краков Университеті математика, жаратылыс тану ғылымдары саласында елеулі табыстарға жетті. Краков Университетінде Польаның көрнекті ғалымдары мен жазушы, ақындары оқыды және сабақ берді (матем. В. Брудзевский, Н. Коперник, астроном Я. Снядецкий). 16 ғасырдың орта кезінен бастап Краков Университетінде оқу діни схоластикалық сыпат алды. Краков Университет кітапханасының 1 млн-нан астам дана кітап қоры бар. <ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6</ref>

Дереккөздер

<references/>