Кофи Аннан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox person

Ко́фи А́тта А́ннан (Үлгі:Lang-en; 8 сәуір 1938 жылы Кумаси қаласы, Ганада дүниеге келген) — Гана дипломаты, БҰҰ-ның 7-ші Бас хатшысы (19972006)

Өмірбаян

Ко́фи А́тта А́ннан (8.4.1938 ж.т., Гана, Кумаси қаласы) – Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы (1997 жылдан). Кумаси қаласындағы технологиялық университетте оқып, білім алуын Миннесот қаласындағы (АҚШ) Макалистер-колледжінде тамамдаған. Женевада аспирантура бітіріп, Массачусет технологиялық институтында менеджмент бойынша магистр дәрежесін алған (1972). 30 жылдан аса БҰҰ аппаратында қызмет істеп, ұйымдастыру-қаржы, босқындар және бейбіт келіссөздер мәселелерімен айналысты.

БҰҰ-ның хатшы ретінде жұмысы

1 қаңтар 1997 жылы сайланған, 29 маусым 2001 жылы қайта сайланған, 2006 жылы 31 желтоқсанға дейін жұмысын атқарды.
Сурет:Angelina Jolie at Davos2.jpg
Кофи Аннан Әлемдік Экономикалық Форумда

2001 жылғы Нобель сыйлығының иегері 1990 – 92 ж. БҰҰ Бас хатшысының жоспарлау, бюджет, қаржы бағдарламалары жөніндегі көмекшісі және БҰҰ инспекторы қызметтерін атқарды. 1990 ж. Ирак Кувейтті басып алғаннан кейін халықаралық ұйымдар қызметкерлерінің әкетілуін ұйымдастыру үшін Иракқа жіберілді. Тұтқындарды босату жөніндегі келіссөздерге қатынасып, мұнайға азық-түлік айырбастау жөнінде Иракпен келіссөз жүргізген. 1993 – 96 ж. Бас хатшының бейбітшілік сақтау операциялары жөніндегі орынбасары, 1995 – 96 ж. Бас хатшының бұрынғы Югославиядағы арнайы өкілі және НАТО-дағы арнайы эмиссары қызметтерінде болып, БҰҰ-ның Босния мен Герцоговинадағы көпұлтты күштерінің 1995 жылғы Дейтон келісімін орындау операцияларына бақылау жасады. 1997 ж. БҰҰ Бас хатшысы болып сайланды. Ол жаңа қызметінде жүріп, ұйымның әкімшілік шығындарын азайтуға күш салды. 1998 ж. ақпанда Иран президенті С.Хусейнмен келіссөз жүргізіп, Иракқа БҰҰ инспекторларын кіргізу, оның орнына АҚШ авиациясының шабуылын тоқтату жөніндегі келісімге қол жеткізді. Бірақ сол жылы желтоқсанда АҚШ пен Ұлыбритания үкіметтері, келісім бұзылды деген желеумен Иракты бомбалады. Орталық Азия елдеріндегі тұрақтылықты орнықтыру мақсатында ол 2002 жылы қазан айында көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда болып қайтты.

Қосалқы ақпарат

«Кофи» деген сөз оның ана тілінде «жұма қүні туған» деген мағынаны білдіреді

Үлгі:S-start Үлгі:S-off Үлгі:S-bef Үлгі:S-ttl Үлгі:S-aft Үлгі:End

Үлгі:БҰҰ Бас хатшылары