Костянкин Арнольд Лазаревич

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Костянкин Арнольд Лазаревич (1930 жылы туған, бұрынғы Талдықорған облысы, Панфилов ауданы) – ауыл шаруашылығы өндірісінің қайраткері, Жамбыл облысының құрметті азаматы. Алматы ауыл шаруашылығы институтын агроном мамандығы бойынша бітірген (1968). Еңбек жолын 1950 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Көкпекті ауданының аруа шаруашылығы бөлімінде агроном болып бастаған. 1966 жылға дейін Талдықорған, Жамбыл облыстарында агроном, бас агроном болып жұмыс атқарды. 1966 жылдан бері Жамбыл облысы Жамбыл ауданының "ХХІ партсъезд" атындағы ұжымшарды 30 жылдай уақыт басқарды. 1995 жылдан осы аудандағы «Колос» шаруа қожалығының басшысы. Ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін "Ленин", "Октябрь революциясы" және "Еңбек Қызыл Ту" орденімен марапатталған. Бірнеше рет облыстық және аудандық кеңестерге депутат, Қазақстан колхозшылары кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланған.<ref>Тараз Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Костянкин Арнольд Лазаревич|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}