Костиоз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Костиоз – микроскоптың көмегімен ғана көруге болатын паразит. Балықтың терісінде кілегейден құралған терең сұр дақ пайда болады. Балықтың желбезегімен терісіне жабысқан құрт балықты қатты тітіркендіреді және эпителиді бұзады. Соның артынан сапролегния және ахлияның саңрауқұлақтары зақымдайды. Балықтың желбезегіне костиялар жеткенде балықтар жылдам қырылады. Ауру бір аптаға созылады, кейде одан да көп. Қатты зақымдалған балықтарды жарамсыз деп санайды. Олардың көзін жою керек. <ref>Семей мемлекеттік университеті ,«Өсімдік, балық және ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау», оқу әдістемелік кешені, ПОӘК 042-14-03.01.20.9/032012ж</ref>

Дереккөздер

<references/>