Костевич (Сергеева) Ирина Львовна

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Костевич (Сергеева) Ирина Львовна - орыс, 1970 жылы, маусым айының 6 жүлдызында, Орал қаласында дүниеге келген. 1987—88 жылдары қазақтың Ленин атындағы политехникалық институтының (мұнай факультетінде), 1990—91 жылдары қазақтың Мемлекеттік университетінде (журналистика факультетінде) оқыған <ref>"Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық", Алматы,"Білім" баспасы, 2005 жыл - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

Бұл күндері СПбГУП-тің (мәдениет факультетінің) студенті. 1988 жылдан бері әртүрлі басылымдарда қызмет атқарды: облыстық "Приуралье" газетінде, республикалық апталық газеттерде — "Горизонт", "Караван-блиц", "АиФ Казахстан", "Караван", "НП", "Ярмарка", "Московский комсомолец", "Курсив", "Литер", "Бизнес и власть" т.б. Сондай-ақ "Малый бизнес Казахстана", "Отан", "Рандеву", "Efite women" (журналының Қазақстанда шығатын "Vodue" қосымшасында) "Cosmorofiten, Portfofio" журналдарының қосымшаларында, телеарналарда: "Таң", "КТК", "31-канал", ТВМ-ның "Например" бағдарламаларында, "Хабардың" тележаңалықтарында сыншылық қызметтер атқарды.

2003-2004 жылдары "Шоколад" журналының бас редакторы. 2004 жылдан бергі уақытта "Маматай" агенттігінен шығатын "Киноман" әдеби журналының шеф редакторы.

Әдеби жарияланымы: "Простор" журналында әңгімелер циклы. Атағы: ФЭШН-журналист (2004). Сондай-ақ Дәрежан Өмірбаевтың "Махаббат туралы" фильмінің сценарийін бірлесіп жазған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}