Космостық медицина

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Космостық медицина — медицина ғылымының жаңа саласы. Космостық медицинанің міндеті - космосқа ұшқан, сондай-ақ космос кеңістігіне шыққан космостың зиянды әсерінен қорғау, ғарышкердің қыщметіне қолайлы жағдай туғызу. Мысалы биікке ұшқанда ауада адамға қажетті оттек жетіспеуінен, қысым төмендігінен ауыз-мұрыннан қан кетіп, ентігіп, тыныс алуы жеілейді. Және ғарышта ауаның жоқтығы және адам денесінің салмақсыздануы ағзада көп өзгерістерді туғызады. Адам тұрса, қозғалса қалқып жүргендей болып қимылы өзгереді, қызмет жасауға қолайсыз жағдай туады. Сондықтан да ғарышкерлер күні бұрын осындай жағдайларға жаттығады, дайындалады.

Космостық медицина қазіргі ғарыштық техникамен тығыз байланыста, ғарышкердің денсаулығына одан бұоын айтып кеткен қолайсыз жағдайлардың әсер етпеуін қарастырады. Ол үшін ғарышқа ұшатын ғарышкерлерді шынықтырып, ғарышта кездесетін қиындықтарға дайындайды. Мұндай дайындық кезінде ғарышта кездесетін жағдайларды имитация жасап, сол жағдайларға үйретеді. Ғарыш кеңістігіндегі әр түрлі зиян сәулелерден қорғану үшін скафандр кию, сол кездегі космостық медицина сала иновацияларының бірі болды. Космостық медицина, ғарышкерлердің тағамына да көңіл бөледі. Ғарыш кеңістігін ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеу нәтижесінде 1961 жылы Ю. А. Гагарин ғарышқа сапар шекті. Ал ғарышкер А. Леонов ғарыш кеңістігіне шықты.

Адам ғарышқа ұшар алдында ұзақ уақыттағы жалғыздыққа үйретіледі. Бұл кезде адамның психолгиялық өзгерісері зерттеледі. Ағзаға қоршаған орта факторларының қандай әсер ететіндігі туралы космостық физиология зерттейді. Космостық медицинаның алдында әлі де болса қосмосқа ұшу кезіндегі зат алмасу, жүрек, қан-тамыр жүйесі жұмысының өзгерісін толығырақ зерттеу міндеті тұр.

Дереккөздер

Алматы-кітап, 1997 жыл, 5-том