Космополиттер (космополит организмдер)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Космополиттер (космополит организмдер) ({{lang-|el космос — әлем, политэс — азамат) — бүкіл жер шарына таралған, яғни планетамыздың кез-келген өнірден ұшырасып қалатын организмдер (жәндіктер мен өсімдіктер).<ref>Н. Сейітов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.— Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет.ISBN 5-615-01738-4</ref>.

Космополиттік түрлер онша көп емес. Өсімдіктер арасында мұндай түрлерге су және батпақ өсімдіктері (балықот, шылаң, қоға, тағы басқа) мен арамшөптер (үлкен бақажапырақ, жұмыршақ, біржылдық қоңырбас, құсқұмық, тағы басқа); жануарлардан үй шыбыны, сұр егеуқұйрық, тағы басқа жатады. Көбінесе Космополиттерге түрден гөрі, одан жоғары таксондарға жатады. Мысалы, коловраткалар, үй тышқандары, тұщы су шаяндары, тарақандар, ал өсімдіктерден астық тұқымдастары мен күрделігүлділер жатады. <ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}