Корреспондент мүше

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Корреспондент мүшеТМД елдеріндегі және кейбір елдердегі (мысалы, Польша, Румыния) академиялық атақ. Бұл елдерде ұлттық ғылым академияларының және салалық академиялардың Корреспондент мүшесіне көрнекті ғылыми еңбектерімен ғылымды байытқан ғалымдар сайланады. Корреспондент мүшеге кандидаттарды ғылыми мекемелер мен қоғамдық ұйымдар, жеке адамдар ұсына алады және ұсынылған кандидаттар тізімі сайлауға дейін баспасөз бетінде жарияланады. Корреспондент мүше жасырын дауыспен ғылым академиясының тиісті бөлімдерінде сайланып (берілген барлық дауыстың 2/3 бөлігін алғанда), академияның жалпы жиналысында бекітіледі. Корреспондент мүше өзі сайланған бөлімдерінде барлық мәселелер бойынша шешуші дауыс құқығына, басқа бөлімдерде және академияның жалпы жиналысында кеңесші дауыс құқығына ие болады.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}