Корольков бәйшешегі
Үлгі:Taxobox Корольков бәйшешегі (Үлгі:Lang-la) – құртқашаштар тұқымдасы, бәйшешек туысына жататын көп жылдық өсімдік. Қазақстанда Оңтүстік Қаратау мен Талас Алатауының сілемдерінде кездеседі. Таудың төменгі белдеулеріндегі ұсақ қиыршықтасты беткейлерінде өседі. Биіктігі 10 – 20 см, тамыр түйнектері шар тәрізді домалақ болады, сыртын торлы қабық жапқан. Жапырақтары ұзын таспа тәрізді (ұзындығы 15 см, ені 3 мм). Гүлі ашық сары түсті, оның ұзын түтікшесі болады. Тұқымынан кейде вегетативті көбейеді. Наурыз – сәуір айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – цилиндр тәрізді қауашақ. Корольков бәйшешегі – сәндік өсімдік. Жылдан-жылға таралу аймағы азайып бара жатқандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>