Корнух-Троцкий өгізкөзі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Корнух-Троцкий өгізкөзі (Үлгі:Lang-la) – астралылар тұқымдасы, өгізкөз туысына жататын шала бұта.

Қазақстанда солтүстік аймақтарда кездеседі. Таудың бор қабаттары мен әктасты беткейлерінде өседі. Биіктігі 10 – 30 см. Сабағы қарапайым немесе аз бұтақтанған. Жапырақтары сағақты, екі рет қауырсынды тілімденген. Жас жапырақтарын ақ киіз сияқты түк басып жатады. Жалпақ тілшелі, сары түсті күлтелері гүлдерінің шетінде орналасады. Ортаңғы гүлдері қос жынысты, олардың желектері түтікше тәрізді. Гүлдері себет гүлшоғырына топталған, олар сабағының ұшында дара жетіледі. Тұқымынан көбейеді.

Шілде – тамыз айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Жемісі – төрт қырлы тұқымша. Олардың айдаршасы қысқа болады.

Корнух-Троцкий өгізкөзі өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref><ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Бастама Үлгі:Уики