Концлагер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Концлагер - мемлекеттердің, саяси тәртіптердің, тағы сол сияқты нақты немесе ықтимал қарсыластарын күштеп оқшаулап, бір жерге бөлектеп жинақтауға пайдаланатын орны. Әскери тұтқындар мен босқындарға арналған түрмелер мен әдеттегі лагерлерден айырмашылығы - Концентрациялық лагерь соғыс кезінде не саяси күрестің шиеленісіп асқынуы барысында айрықша декреттермен құрылып отырған. Алғашқы концлагерлерді Кубадағы азаттық көтерілісінің бас кезінде 1895 жылы испандықтар, 1899-1902 жылы ағылшын-бур. Соғысы тұсында ағылшындар ұйымдастырды. Бұрынғы КСРО аумағында концлагерлер РКФСР Халкомкеңесінің "Қызыл террор туралы" (қыркүйек, 1918 жылы) Қаулысымен құрылды. Түзету үйі деген атпен олар Қазақстан жерінде де пайда болды. Кейін айрықша мақсаттағы лагерлер деп аталып, тоталитарлық тәртіп тұсындағы жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңінде кең қанат жайды

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Концлагер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}