Конструктор бөлшектерінің тақтасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тексерілмеген мақала Конструктор тақтасында келесі бөлшектер қолданылады:

  • Резистор - ол Оммен өлшенетін кедергімен және Ваттпен өлшенетін қуатпен сипатталады, мөлшерден асып кеткен жағдайда ол істен шығады.
  • Сақтандырғыш - ең үлкен жұмыс тоғымен сипатталады, ол көп болған болған жағдайда істен шығады.
  • Конденсатор - Фарадамен берілген сыйымдылықпен және жұмыс кернеуімен сипатталады, ол көп болған жағдайда істен шығады.
  • Индуктивтік шарғысы - Генрмен берілген индуктивтікпен сипатталады. Оның актив кедергісі өте аз болады.
  • Құрастыру сымы - оның кедергісі өте аз болып келеді.
  • Айырғыш - тұйықталмаған және тұйықталған екі жағдайда сипатталады.
  • Қоректендіру элементі - Вольтпен берілген ЕҚК - мен, полюспен, Оммен берілген ішкі кедергімен сипатталады.
  • Синусоидалық кернеудің генераторы - амплитуда айнымалы кернеу жиілігімен сипатталады.
  • Шам - Вольтпен берілген жұмысшы кернеуімен, миллиампермен, берілген тоқпен немесе Ваттпен берілген қуатпен сипатталады. Осылардың шамасы мөлшерден асып кеткен кезде істен шығады.
  • Электр қыздырғыш - жұмыс кернеуімен және қуатпен сипатталады. Олар мөлшерден асып кеткен жағдайда, жанып кетеді.
  • Нақты өткізгіш - материалы мен ұзындығы және көлденең қимасының ауданымен сипатталады.
  • Белгісіз бөлшек - ол резистор, конденсатор, шарғы,батарейка немесе генератор болуы мүмкін.
  • Реостат - Оммен берілген ең үлкен кедергңмен сипатталады.
  • Айнымалы сыйымдылық конденсаторы - Фарадамен берілген ең үлкен сыйымдылықпен сипатталады.

Дереккөздер

<ref>Информатика, Алматы қаласы, 2001</ref>