Константин Флегонтович Котов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Константин Флегонтович Котов (26.12.1922, Атырау қаласы – 12.3.1982, Алматы қаласы) – заң ғылымының докторы (1962), профессор (1966),
- 1972 - Қазақ КСР-інің еңбек сіңіргенжоғары мектеп қызметкері. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
- 1946 - Бүкілодақтық заң институтының Алматы бөлімшесін бітірген.
- 1946-1953 - Осы бөлімше директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары,
- 1952-1953 - Пекин халық университетінің оқытушы-кеңесшісі,
- 1953-1982 - Алматы мемлекеттік заң институтының, ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Қазақстан Әділет министрлігінің жанындағы құқықтық насихат жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңестің мүшесі болды. Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары ұлттық-мемлекеттік құрылыс, конституциялық құқық мәселелеріне арналған.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>