Константин Васильевич Жигалов
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Константин Васильевич Жигалов (16 мамыр 1959, Семипалатинск, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, елші, тарих ғылымдарының кандидаты. Сыртқы істер министрінің орынбасары (1993—1994, 2009—2012), президент көмекшісі (1991—1993, 1995—1996).
Өмірбаяны
1959 жылы 16 мамырда Семейде дүниеге келді.
Мансабы
- 1982—1984 — Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Қазақ ұлттық университеті) оқытушысы.
- 1985—1988 — Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы партия тарихы институтының аға ғылыми қызметкері.
- 1988—1991 — Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің кеңесшісі.
- 1991—1993 — Қазақстан президентінің көмекшісі.
- 1993—1994 — Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары.
- 1994—1995 — Қазақстан президенті іс басқармасының халықаралық бөлімінің меңгерушісі.
- 1995—1996 — Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары.
- 1996—2000 — Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігіндегі елші-кеңесшісі.
- 2000—2003 — Польшадағы елші.
- шілде 2003—қараша 2003 — Бельгиядағы елші.
- 2003—2009 — Люксембург пен Нидерландтағы елші және Еуропа одағы мен НАТОдағы өкіл.
- 2009—2012 — Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары, Еуропалық Одақпен ынтымақтастық жөніндегі ұлттық үйлестіруші<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.
- 2012—2018 — Канададағы елші<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.
- 2013—2018 — Куба, Доминикан және Ямайкадағы елші<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.
- 2018—2023 — Испания мен Андоррадағы елші, Дүниежүзілік туризм ұйымындағы тұрақты өкіл<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Білімі
1981 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Қазақ ұлттық университеті) тарих факультетін, 1983 жылы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аспирантурасын тәмамдады.
1984 жылы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде “Дамыған социализм жағдайындағы Қазақстан өнеркәсібін басқарудағы партия қызметінің тарихнамасы (1959—1975)” атты тақырыпта диссертация қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты атанды.
Жеке өмірі
Үйленген, жұбайы Индира Батырханқызы Шайқымова. 3 қызы бар — Инна (1980 туған) мен Диана (1987 туған) және Жанна (1993 туған).
Қазақ, орыс және поляк тілдерін меңгерген.
Марапаттары мен атақтары
- Ерен еңбегі үшін медалі (Қазақстан, 2002).
- Польша Республикасына сіңірген еңбегі үшін ордені (Польша, 2003).
- Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін медалі (Қазақстан, 2005)
- II дәрежелі Достық ордені (Қазақстан, 2006).
- Корона ордені (Бельгия, 2009).
- Еңбек ордені (Люксембург, 2009).
- Парасат ордені (Қазақстан, 2015)<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Дереккөздер
- Қазақстанның Бельгиядағы елшілері
- Қазақстанның Польшадағы елшілері
- Қазақстанның Нидерландтағы елшілері
- Қазақстанның Кубадағы елшілері
- Қазақстанның Люксембургтағы елшілері
- Қазақстанның Канадағы елшілері
- Қазақстанның Доминикан Республикасындағы елшілері
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері
- Тарих ғылымдарының кандидаттары