Компьютер құрылысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Біріктірілсін Үлгі:Жедел жойылсын

Компью́тер (Үлгі:Lang-en — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтижесін шығару үшін арналған машина.

Дербес аталу себебі

Дербес компьютердің «дербес» деп аталуының себебі - компьютер тек қана бір адамның жұмыс істеуіне арналған. Яғни бір мезгілде компьютерді бір ғана адам басқарады деген сөз. Бұл компьютерлердің үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда сипаты мен мүмкіндіктері басқаша болғанымен, осыған ұқсас операцияларды орындай алады. Дербес компьютерлердің үстел үстіне қоятын, портативті және қалтаға салып жүретін түрлері кездеседі. Алдағы уақытта біз үстел үстіне қойылатын (desktop) компьютердерді қарастыратын боламыз. Өйткені дербес компьютердің осы түрі басқаларына қарағанда кең таралған.

Компьютер құрылғылары

Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.

Жүйелік блок

Үлгі:Main Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша(аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тінтуір) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан.

Дисплей

Үлгі:Main Дисплей (монитор) – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды.

Пернетақта

Үлгі:Main Пернетақта – компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады. Үлгі:Компьютер пернетақтасы

Тінтуір

Үлгі:Main Тінтуір – «графикалық» басқару құрылғысы. Тінтуірді кілемшенің үстімен жылжытқанда, экрандағы тінтуірдің нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Тінтуірдің екі (немесе үш) батырмасының бірін баса отырып объектілермен көптеген операцияларды орындауға болады. Батырмалардың ортасында орналасқан доңғалақшаны айналдырып, экранға тұтасымен сыймай тұрған мәтінді, суретті немесе web-парақты жоғары-төмен жылжытуға болады.

Принтер

Үлгі:Main Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің бірнеше түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік, сублимационалдық, жарық диодты (LED) принтерлер бар.

Сканер

Үлгі:Main Сканер - қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады. Сканер кескінді (суретті, т.б.) машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі түсті болады.

Қазіргі заманда

Қазіргі кезде адамзаттың тыныс-тіршілігі электрондық құрылғылардың жұмысына негізделген. Ғылымда, медицинада, техникада, ғарыштануда, т.б. көптеген салаларда кездесетін электрондық аппараттар адам жұмысын күннен-күнге жеңілдетіп, дами түсуде. Қарапайым тұрмыстық тіршілікте де автокөліктермен қатар көптеген жетілдірілген құрылғылар қолданылып келеді: шаңсорғыш, бейнекамера, кір жуатын машина, компьютер, фотоаппарат, т.с.с.

Электрондық құрылғы

Электрондық құрылғы – жұмыс жасау негізіне электроника принциптері салынған бұйым және оның құрамдық бөліктері.

Электроника

Үлгі:Main Электроника – электрондық құрылғыларды жасақтау мен зерттеуді, оларды қолданудың принциптерін зерттеуді қамтитын ғылым саласы. Электрониканың дамуының негізінде электрондық құрылғылардың орындайтын функцияларының үздіксіз күрделіленуі жатыр. Белгілі бір даму этаптарында ескіә құрылғылар көмегімен берілген мінцдеттерді атқару мүмкіндігі жойыла бастайды, мысалы, электрондық лампалар мен дискреттік транзисторлар көмегімен. Сондықтан, элементтік базаның әрі қарай жетілдірілуі қажет болады. Жаңа элементтік база негізіндегі электрондық құрылғыны жасақтаудың негізгі факторлары – сенімділік, гаабариттік өлшемдер, масса, құны мен қуаты.

Сатылау

Қолданылатын элементтік базасына байланысты электрондық құрылғылардың дамуының негізгі төрт сатысын атап көрсетуге болады.

1 саты

1 саты (1904-1950) – электровакуумдық құрылғылар негізіндегі элементтік базалар;

2 саты

2 саты (1950 ж. басы – 1960 ж. аяғы) – құрылғылардың элементтік базасында дискреттік жартылай өткізгіштік құрылғылар;

3 саты

3 саты (1960-1980) – микроэлектрониканың қарқынды дамуымен байланысты, алғаш интегралдық микросхемалар қолданыла бастады;

4 саты

4 саты (1980 – қазіргі кез) – үлкен интегралдық схемаларды қолдану негізінде электрондық құрылғыларды микроминиатюризациялау.

Сыртқы сілтемелер