Комарова Тамара Андреевна

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

КОМАРОВА Тамара Андреевна1937 жылы Алматы қаласында туған. С.М.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген (1963). Еңбек жолын Алматы облысы Талгар аудандық "Коммунизм жолы" газетінің әдеби қызметкері болудан бастаған <ref>"Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық", Алматы,"Білім" баспасы, 2005 жыл - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

"Қайнар" баспасына 1972 жылы жұмысқа тұрып, 1991 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққан. Осы уақыт аралығында ұйымның "Егінші", "Малшы" және "Білім" редакцияларын басқарган. Осындай қызметтерде жүріп, ауыл шаруашылыгы тақырыбына арналған өтімді кітаптарды, оқулықтар мен көп таралымды әдебиеттерді шығаруга қатыскан. Олардың ішінде "Жер өңдеудің қорғаныс жүйелері", "Үй тұрмысының әліппесі", "Тұздық өсімдіктер" т.б. аталымдар бар. "Білім" редакциясы баспааралық жарыстардың жеңімпазы атанып, көшпелі қызыл туларды иеленіп отырды. Сондай-ақ Т.А.Комарова "Оның аты — қаһарман", "Қазақстан тоғызыншы бесжылдық жылдарында" атты басылымдардың авторы және құрастырушысы ретінде өз бңбегіне лайық сыйлықтармен, тегін жолдамалармен қошеметке бөленіп отырды.

Ол КСРО халық шаруашылығы көрмесінің қола Әуезов(1983), өзге де құрметті грамоталармен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}