Командалық процессор, командалық тілдің процессоры
Командалық процессор, командалық тілдің процессоры (командный процессор, процессор командного языка; command processor) — 1) пайдаланушының терминалдан енгізген немесе командалық файддағы операциялык жүйелер командасын өңдейтін операциялық жүйенің бөлігі. Кеңінен танымал командалық процессор — дербес Ӏвм-дердің ms-dos операциялық жүйесі — command, com программасы. Пайдаланушылардың неғүрлым жиі пайдаланылатын командаларын (мые., файлды экранға шығаруды, [[[файлды көшіру]]ді немесе жоюды) командалық процессор өзі орындайды. Бұл ms-dos- тың ішкі командалары. Қалған командалар, ms-dos-тың сыртқы командалары, олар бір атаулы программалармен дискіде орналасады. Команда атауы бойынша бұл программалар командалық процессорда болады және олар жедел жадқа орналастырылады әрі іске қосылады. Командалық процессор пайдаланушының командасы бойынша кез келген орындалатын файлды іске қосады. Программа орындалғаннан кейін командалық процессор оны жедел жадтан аластаиды және оны жүие жаңа команданы енгізуді күтетінін нұсқайтын шақыру экранының командалық жолына шығарады; 2) пернетақтадан немесе командалық файлдан енгізілетін командаларды (командалык тіддің ұсыныстарын) өңдейтін және осы командаларды орындайтын тапсырмаларды іске қосатын операциялық жүйенің бөлігі; 3) пайдаланушының енгізген командасын өңдейтін программа; dos-тың ішкі командаларын кұрайды.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов.
– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>
Дереккөздер
<references/>
en:Command-line interface#Command-line interpreter ru:Оболочка операционной системы#Командный интерпретатор