Колпаковский қызғалдағы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox Колпаковский қызғалдағы (Үлгі:Lang-la) – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын көп жылдық жуашықты өсімдік. Қазақстанда Солтүстік Тянь-Шаньдағы Іле Алатауында, Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Кетпен (Ұзынқара) жотасында кездеседі. Таудың тасты, қиыршықтасты беткейлерінде, жарықтарында, құздарында өседі. Биіктігі 15 – 35 см, жуашығының пішіні жұмыртқа тәрізді, қалыңдығы 3 см-дей, сыртын қара қоңыр қабық жапқан. Сабақтары жіңішке. Жапырақтарының саны үшеу, төменгілері қандауыр, жоғарғылары таспа сияқты. Дара гүлі сары түсті, сабағының ұшында жетіледі. Тұқымынан көбейеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – қауашақ, ұзындығы 2 – 4 см, ені 1,5 см-дей. Колпаковский қызғалдағы – сәндік өсімдік, жылдан-жылға таралу аймағы қысқаруда. Сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Сипаттама

Биіктігі 15-35 см, пиязшығы жұмыртқа тәрізді, жуандығы 1,5-2 см, қара қоңыр, терілі, ішкі жағының ұшы жатаған қалың түкті қабықты. Сабағы жалаңаш; жапырақ саны - 3-5, шамалы алшақ орналасқан, кірпікшелі, әдетте гүлден биік, төменгісі таспа тәрізді, ені 1- см. Гүлі біреу ; гүл шанағында бүтілген, гүл серігі сары, ұзындығы 2,5-6 см, сүйір, сыртқыларының жотасы көбіне күлгін реңді, кері сопақша, ішкілерікері сопақша таспа тәрізді; аталықтары гүл серігінен 2-3 есе қысқа, тозаңдықтары сары, жіпшелерімен тең; түйіні аталықтардын шамалы қысқа, аналық аузы орнықты дерлік<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub