Колорит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Колорит (Үлгі:Lang-it, Үлгі:Lang-la) – бейнелеу өнеріндегі алуан түстердің арақатынас жүйесі; өмір көріністерін бояулардың үйлесімділігі арқылы эстетикалық тұрғыдан пайымдау. Колорит шындықты көркемдік тұрғыдан тануда үлкен рөл атқарады. Ол шығарма мазмұнына, өзіндік шеберлігіне, дәуіріне, стиліне тікелей байланысты. Колорит айқын, өзгермейтін түстердің үйлесімінен тұруы мүмкін. Бояу түрінің басым, не кем қолданылуына байланысты Колорит жарқын, күңгірт, салқын (көк пен жасыл түс басым болғанда), немесе жылышырайлы (қызыл мен жасыл түс көбірек қолданылғанда), салмақты, шиеленісті болып келеді. Бояулар үйлесімі кереғар түсіп, көзге ұрып тұруы да мүмкін. Ондай жұмыстарды жақыннан қараған адамға бояу түстері бір-бірімен қосылмайтындай, баттиып-бадырайып көрінеді. Ал біртіндеп алыстаған сайын ашық бояу реңдері жымдасып, ғажайып бір өңге енеді. Мұндай шығармаларға 18 ғасырдың ортасы мен 19 ғасырдың басында бейнелеу өнерінде ерекше бетбұрыс әкелген импрессионизм мен постимпрессионизм суретшілері Э.Мане, К.Моне, П.О. Ренуар, Ж.Сера (1859 – 91), В.Ван Гог, П.Гоген (18481903), П.Сезанн, т.б-дың жұмыстары жатады. Олардың колориттік әдісі К.А. Коровин (18611939), В.А. Серов (18651911), Н.К. Рерих (18741947), М.А. Врубель, т.б. суретшілер шығармашылығына ықпал етті. Реалистік өнерде Колорит болмысты шыншыл, жан-жақты қамтуға ұмтылды. Э.Делакруа, Х.Рембрандт, И.Е. Репин және т.б. суретшілер алуан бояуларды шеберлікпен астастыра отырып, шығарманың мазмұнын ашуда, сезімдік қуаттылығы мен үйлесімділігін арттыруда үлкен жетістіктерге жетті. Өнердің түрі мен материалына байланысты және шығарманың тұтқан міндетіне сай Колориттің мақсаты да өзгеріп отырады. Архитектура мен мүсін өнерінде түрлі түстердің арақатынас жүйесі полихромия деп аталады. Қазақ суретшілері Қ.Телжанов, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, С.Романов, А.Ғалымбаева, С.Айтбаев, Ж.Шәрденов, Е.Төлепбаев, т.б. өз шығармаларында колоритті шебер пайдаланып, қазақ кескіндеме өнерін көркемдік биікке көтерді <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}