Коадаптация

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Коадаптация (латынша coadaptation – өзара бейімділік) – эволюциялық процесс кезінде органдардың морфологиялық құрылысы мен атқаратын қызметі жөнінен бір-біріне бейімделуі. Бұл - корреляцияның бір түрі. Коадаптация табиғи сұрыптау кезінде өзгеріске ұшырайтын органдардың құрылысы мен қызметіндегі тиімді байланыстарды қамтитын генетикалық өзгерістер әсерінен жүзеге асады. Коадаптация организмнің жаңа тіршілік жағдайына бейімделуін қамтамасыз етеді.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер