Клоусон Джерар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Клоусон Джерар (28.4.1891, Ұлыбритания, Лондон – 1974, сонда) – ағылшын шығыстанушысы. Оның түркітану саласындағы тұңғыш еңбегі – Британия музейіндегі “Мухаббатнаме” қолжазбаларының біріне жасаған сипаттамасы – 1928 ж. жарық көрді. Клоусон 20 ғ-дың 50 – 70-жылдары түркі тілдерінің тарихи лексикологиясына байланысты бірнеше зерттеу еңбектерін жариялады. Олардың ішінде Маhди ханның “Санглахы” (1960 ж., Лондон) және көне түркі этимологиялық сөздігі (1972 ж., Оксфорд) бар. Клоусон еңбектерінің көпшілігі түркі тілдерінің тарихына, алтай тілдерінің бірлігі теориясына, түркі этнонимикасы мен тарихи топонимикаға және түркі тілдеріндегі сына жазуларын талдауға арналған. Ол тіркітану мен алтай тілдері саласындағы зерттеулері үшін 1969 ж. Индиана университетінің (АҚШ, Индиана штаты), 1973 ж. Корольдік Азия қоғамының алтын медальдерімен марапатталды. Клоусон Корольдік Азия қоғамының президенті (1958 – 61) және Корольдік археология қоғамының вице-президенті болды. 1960 ж. Музаммад Маhдиханның (18 ғ.) “Саңлақ” (“Санглах”) парсы-шағатай тілдері сөздігін қайта шығарды. Клоусон Дж.,<ref>Происхождение тюркского рунического письма</ref> // Зарубежная тюркология. В. Қ, М., 1986.

Дереккөздер

<references/>Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub