Климаттың өзгерулері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Climate.Indicators.0.5.MYr-1.jpg
Соңғы 0,5 млн жылдардағы Климаттың өзгерулері
Климат индикаторлары:
көк түспен — мұхиттың деңгейінің өзгеруі,
жасыл түспен18O-дің теңіз суларындағы концентрациясы,
сарғылт түспен — CO2-нің антарктикалық мұздарындағы концентрациясы (сарғылт)
Межелік бірлігі — 20 000 жыл.

Климаттың өзгерулері<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref> - түгелдей жер бетінде немесе оның ірі аймақтарында климат жағдайларының ұзақ бағытты (он жылдан астам) немесе ырғақты (геологиялық уақытта, тарихи уақытта) өзгерулері. Палеогеографиялық зерттеулердің негізінде анықталған геологиялық климаттың өзгерулері Жер тарихында ұзаққа созылған жылы және суық кезендердің болғанын дәлелдейді.

Көбінесе метеорологиялық байқаулардың негізінде, сондай-ақ дендрохронологиялық және т.б. әдістермен анықталатын қазіргі Климаттың өзгерулері кейінгі ондаған (кейде жүздеген) жылды қамтиды және циклді сипатта болады. Әр түрлі себептерден туындаған ұзақтығы 11, 35, 80—90 жылдарға созылған, сондай-ақ ғасырдан асқан климаттык ырғақтар (мысалы, 1800—1900 жылдық ырғақтар) және т.б. анықталды. Климаттың Күн активтілігінің ғасырлық және ғасырдан ұзақ өзгерістерімен байланыстары туралы болжамдар да бар. Климаттың өзгерулері әр түрлі дәрежеде табиғи ортаның барлық құрам- бөліктері мен ауыл шаруашылығы өндірісіне әсер етеді.

Ауа-райының жылынуынан келесі өзгерістер туындауы мүмкін деген болжамдар бар:

  • Антарктида мен Гренландияның мұздықтарының еруі.
  • Мұздықтар еруі барысында дүниежүзілік мұхит деңгейі 2300 жылдары 2,5 м. жоғарылауы мүмкін,
  • Мұздықтардың еруі барысында пайда болған тұщы су мөлшері [[]]Гольфстримнің жылу ағысын бұзып Еуропаның суытуына алып келеді.
  • Арктика мұздықтарының еруі ақ аюдың өліміне алып келуі мүмкін.
  • Ормандарға, көлдерге, қала инфраструктурасына кері әсерін тигізеді.
  • Дауылдар, су тасқындары жиілігі өседі.
  • Азық-түлікпен қамтамасыз ету нашарлайды.<ref> М.Ш.Алипов.Экология және тұрақты даму. Алматы 2012 ISBN 978-601-7275-58-7</ref>

Климаттың антропогендік өзгеруі

Климаттың антропогендік өзгеруі — табиғи ортаға антропогендік өсердің (негізінен оның ластануы) артуынан климаттың көрсеткіштердің (ауа температурасы, оның қозғалысының заңдылықтары және т.б.) ұзақ уақыт (10 жылдан артық) өзгеруі. Дәлірек айтқанда, климаттық жүйені салыстырмалы тұрақты күйден шығару кезінде пайда болатын, геофизикалық процестердің (Жерге ғарыштық өсерлерді қосқанда) табиғи жүру барысында теориялық мүмкін шегінен шығып кететін климаттық ауытқу. Мысалы, 1977-1981 жылдары Солтүстік Америкадағы суық қыстар 10 мың жылда бір рет болатын жағдай деп есептеледі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref><ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Климаттың өзгерулері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}