Клеменец Дмитрий Александрович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Клеменец Дмитрий Александрович (15.12.1848 – 8.1.1914) – Қазақстанды зерттеуші, орыс ғалымы. 1867 – 71 ж. Қазан университетінде, кейін Санкт-Петербург унивеситеттінде оқыды. 1878 ж. “Жер және ерік” журналының редакторы болды. 1879 ж. қамауға алынып, 1881 ж. Сібірге айдалды. Айдауда ол Шығыс Түркістанның, Орталық Азияның, Сібірдің бірқатар аймақтарын зерттеді. Иркутск және Минусинск мұражайларын ұйымдастыруға ат салысты. “Восточное обозрение”, “Сибирская газетаға” мақалалар жазып тұрды. 19 ғасырдың 90-жылдары Санкт-Петербургке оралып, 1900 жылға дейін Ресей Ғылым Академиясының антропология және этнография бөлімін ұйымдастырып, оны 1910 жылға дейін басқарды. “Өткен күндерден” естелігі жарық көрді (1925).

Дереккөздер

<references/>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Клеменец Дмитрий Александрович|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}